2020-2021 оқу жылына арналған колледждің тәрбие жұмысының жоспары

Мақсаттары:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идея контектінде ұлттық сана-сезімі дамуының, отансүйгіштік рухы, кәсіпқойлық және бәсекелестікке қабілеттіліктің жоғары деңгейі, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі билеу және өзін-өзін танытуға қабілетті көшбасшылық қасиеттері бар әлеуметтік белсенді, дені сау  қоғам мүшелерін, мамандардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу  

Міндеттер: 

1.Студенттердің ұлттық сана-сезімін, азаматтылығын және патриотизмін, ұлттық мәдениетке, қазақ халқының, бүкіл Қазақстан халқының рухани мұрасына құндылықты қатынас жасау

2.Мәдениетаралық коммуникация дағдылары бар интеллектуалды және бәсекелестікке қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

3.Студенттерде сәтті әлеуметтену, үздіксіз өз бетімен білім алу және өзін-өзі таныту,  жан-жақты өздігінен даму және өзін-өзі тәрбиелеуге олардың саналы қатысуы үшін құзыреттіліктерді қалыптастыру

4.Студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту, студенттік өзін-өзі басқару қызметінің саласын кеңейту.

5.Білім беру үдерісіне қатысушылардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау.

6.Болашақ мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін жалпы және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.

7.Отбасының тәрбиелік әулетін арттыру.

Студенттермен жұмыс жасауда басым бағыттар:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу.

2.Рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие. 

3.Көпмәдениетті тұлға және толеранттылықты қалыптастыру.

4.Интеллектуалдық тәрбие, кәсіби бағыттылық.

5.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

6.Құқықтық тәрбие.

7.Ата-анамен жұмыс.