Әлеуметтік серіктестік

Іскерлік қарым қатынас мақсатында және де кәсіптік машықтану бағыты бойынша Теректі колледжі үнемі әлеуметтік серіктестіктермен тығыз қарым қатынаста жұмыс жүргізеді.

Әлеуметтік серіктестіктер жыл сайын толықтырылады, және Теректі ауданымен қоса барлық Батыс Қазақстан облысы бойынша жүргізіледі.

Білім басқармасының 2013 жылғы 18 шілдедегі №504 «Техникалық және кәсіптік білім беру салаларында оқытудың дуальді жүйесін енгізу бойынша экперименттік алаңын құру туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 19.09.2016 жылғы №728 бұйрығына сәйкес дуалдық оқытуды дамыту бағдарламасы шеңберінде колледжде 1504000 «Фермер шаруашылығы» 1504042 «Аспазшы» біліктілігі бойынша экперименттік алаң жасалды.

Оқушылар кәсіби дайындықтарды колледждің серіктестік кәсіпорындар базаларында өткізіледі.

2019-2020 оқу жылында кәсіптік практика өту үшін 48 келісім шарт жасалды.

 

Келісім шарт жасалған кәсіпорындар мен компаниялардың саны, бірлік *

Барлығы:

48

соның ішінде дуалды оқыту шеңберінде:

2

Кәсіпорынмен, компаниямен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарымен кадрлар даярлауда ынтымақтастық туралы жасалған шарттардың саны, бірлік*

Барлығы:

48

соның ішінде дуалды оқыту шеңберінде:

2