Психолог парақшасы

Сәлеметсізбе, психолог парақшасына қош келдіңіз!

Құрметті қолданушылар мен сайтымыздың қонақтары!

Біздің колледжде әлеуметтік-психологиялық қызмет етеді.

 

Педагог-психолог жұмысының міндеттері:

  • Білім беру процесінде студенттер мен студенттік топтарды психологиялық-педагогикалық қолдау, студенттердің психологиялық қауіпсіздігін арттыру, әлеуметтік бейімделуді, еңбек нарығында сұранысқа ие түлек қалыптастыру.
  • Колледжде білім беру үрдісінің сапасын арттыруға ықпал ететін және оның әрбір субъектілерінің жеке әлеуетін барынша толық ашуға бағытталған әлеуметтік-психологиялық жағдайларды қамтамасыз ету.
  • Әртүрлі жас топтары студенттерінің психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін құру.

 

Міндеттер:

  • Туындаған қиындықтарды уақытында алдын алу және тиімді шешу мақсатында студенттердің әлеуметтік-психологиялық мәртебесі мен бейімделуінің ерекшеліктерін зерттеу.
  • Мақсаты “Мен” позитивті бейнесін, бірегей және қайталанбас тұлғаны, коммуникативтік құзыреттілікті, өмірге деген құндылықты көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу.

 

Жоспарға сәйкес психологиялық қызмет келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:

  • Диагностикалық жұмыс – студенттердің мазасыздану деңгейін, эмоциялық жағдайын анықтау, ұжымдағы психологиялық климатты зерттеу, қабілеттерді, қызығушылықтарды және т.б. диагностикалау.
  • Психокоррекциялық жұмыс – өзіне және басқаларға позитивті, төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоцияларын басқара білу, аутотренингтерге, шешендік шеберлік өнеріне, пациенттермен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларына үйрету.
  • Кеңес беру қызметі – қиын өмірлік жағдайда психологиялық көмек және қолдау көрсету.

 

Жұмыс түрлері:

  • студенттермен топтық жұмыс
  • топ жетекшілерімен жұмыс
  • ата-аналармен жұмыс (ата-аналар жиналыстарын қосқанда)

 

Колледж педагог-психологына хабарласуға болатын және қажет болатын сұрақтар:

  • Оқудағы қиындықтар
  • Топтағы өзара қарым-қатынас
  • Ата-аналармен қарым-қатынас
  • Өмір жолын таңдау
  • Өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту

 

Психолог – қандай да бір қасиеттерді, дағдылар мен іскерлікті дамыту технологиясын меңгерген және осы технологияны сізбен қуана бөлісетін адам.

Біздің сайт беттеріне жақсы және пайдалы виртуалды саяхат тілейміз.

Құрметпен, педагог-психолог Салтанат Каирбековна Исанова  (+7 776 886 89 97 WhatsApp).