Теректі колледжі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының  “Теректі колледжі Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Теректі колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (содан кейін «Теректі колледжі» МКҚК) техникалық және кәсіптік білім беру салалары бойынша мамандарды дайындайтын оқу орны.

Колледж 1967 жылы Қазақ ССР кәсіптік техникалық білім беру бойынша мемлекеттік комитетінің бұйрығымен  құрылды.

Колледж құрылған кезінен бастап атауы бірнеше рет өзгертілді:

  • 1967 жыл – ОКТУ-167 (орта кәсіптік-техникалық училище)
  • 1981 жыл – №63 ТУ (техникалық училище)
  • 1984 жыл – №11АКТМ – (ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училище)
  • 1997 жыл – №11 КТМ (кәсіптік-техникалық мектеп)
  • 2004 жыл – №11КМ (кәсіптік мектеп)
  • 2009 жыл – №11 КЛ (кәсіптік лицей )
  • 2012 жыл – «Теректі колледжі» МКҚК

Бүгінде “Теректі колледжі” МКҚК – ұлттық білім беру жүйесі шеңберінде өз қызметін 28.11.2012 ж. № 12022658 лицензия негізінде жүзеге асыратын көпсалалы ауыл – шаруашылық колледжі.

Меншік нысаны – мемлекеттік.

Жоғары алқалы орган – педагогикалық кеңес.

Колледж өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында, ҚР Мемлекеттік бағдарламаларында, сондай-ақ колледж Жарғысы мен басқа да нормативтік құжаттарда қамтылған міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

Оқу-тәрбие және әкімшілік жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелері – Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының келісімі бойынша колледж директоры бекіткен штат кестесінде көрсетілген.

2015 жылы колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, техникалық және кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығын растады.

Теректі колледжі бес мамандық бойынша техникалық және ауыл-шаруашылық бейінінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

 

Атауы Жүктеу
1 ЛИЦЕНЗИЯ