«Үздік бейнесабақ» облыстық байқауы оздырылды

Батыс Қазақстан облысының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында техникалық мамандықтар бойынша 2021 жылдың сәуір айында сырттай «Үздік бейнесабақ» облыстық байқауы оздырылды.

«Үздік бейнесабақ» байқауының мақсаты өндірістік шеберлер мен арнайы пән оқытушыларының педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану құзіреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату болды. Осы байқауға Теректі колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы Руслан Маликович Иманбаев қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Руслан Маликович жүлделі 3 орын иеленді.


Жарияланды: 04.05.202107:06

Автор: